Әшкеев 43 рет жеңіске жеткен қарсыласын оңдырмады

Әшкеев 43 рет жеңіске жеткен қарсыласын оңдырмады

Бүгін Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласында қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әшкеев 43 рет жеңіске жеткен аргентиналық боксшы Родольфо Эзикель Мартинеспен сынға түсті.

Бесінші раундта жерлесіміз қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Алтыншы раундта Мартинестің командасы рингке шығудан бас тартты.

Осылайша, Әшкеев өз мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, WBC (UNSBC) титулын қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или