Сәбит Жүсіпов мансабындағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді

Сәбит Жүсіпов мансабындағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық спортшы Сәбит Жүсіпов (9-2) Мәскеуде өткен WTKF турнирінде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ресей астанасында өткен аралас жекпе-жек кешінде Arlan MMA Team командасының өкілі Сәбит Жүсіпов өзбек спортшысы Фарух Салимовпен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Сәбит Жүсіпов биыл үшінші жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жетті. Соңғы кездесуінде ресейлік Глеб Хабибуллинді ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или