Вардан Минасян: «Қазақстан футболы даму үстінде»

Қостанайлық «Тобыл» клубының бас бапкері Вардан Минасян ел чемпионатының кезекті турында семейлік «Спартак» командасын жеңгеннен кейін ойынға көңілі толатындығын жеткізді.

- Матч өте қызықты болды. Бұл кездесу қос команда үшін маңызды болғандықтан, басты нәтижеге ойнау болды. Ал ойын сапасы екінші кезекке қалды. Бүгін біз жеңіске лайық болдық.

- Шливичте осымен төртінші сары қағаз. Келесі матчта оны кіммен ауыстырасыз?

- Мүмкін, Нұрбол оның орнына ойысатын шығар.

- Қостанайлық жанкүйерлер сізді мұндай ашулы түріңізді бұрын соңды көрмеген еді.

- Жағдайға қарай көңіл-күйімде құбылып тұрады.

- Кучинмен не жайлы сөйлестіңіз?

- Кучин деген кім?

- Кездесудің бас төрешісі.

- Ол маған кедергі жасамасын деп ескертті. Бар болғаны осы.

- Қазылардың қызметіне қандай баға берер едіңіз?

- Мен ешқашан төрешілер жайлы сөз қозғамаймын.

- Волков өткен маусымға қарағанда біраз босаңсып қалды. Мұны немен түсіндер аласыз?

- Ол футболшының жасы келіп қалды. Табиғатты алдауға болмайды. Жаттығу жасап, әрқашан ойнай беруге болмайды ғой. Ал жалпы Қазақстан футболы дамып келеді, жылдам әрі қызықты болуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или