Хоккей

«Барыс» қонақтағы жеңісті жолын жалғады

«Барыс» қонақтағы жеңісті жолын жалғады
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында Екатеринбургтің «Автомобилистімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық ұжым соңғы 15 матчта негізгі уақытта жеңіс тойын тойламаған болатын. Өткен турда да Андрей Скабелка жігіттері овертаймда «Металлургті» 2:1 есебімен ұтты.

Екатеринбург шаһарындағы кездесуде қосымша уақытқа дейін созылды. Линус Виделл овертаймда мергендік танытып, өз командасына қатарынан екінші матчтағы жеңісті сыйлады.

1 желтоқсанда «Барыс» елордада минсктік «Динамоны» қабылдайды.

«Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

Шайбы соққандар:

0:1 — 18:29 Шестаков (Михайлис, Орехов)

1:1 — 50:54 Гуркин (Холланд, Голышев)

1:2 - Виделль - 63:32 (3х3)

Қақпашылар: Коварж — Паскуале

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер