«Найманның» жекпе-жегі Краснодардан Алматыға ауыстырылды

«Найманның» жекпе-жегі Краснодардан Алматыға ауыстырылды

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күні өзгерді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұған дейін Қуат Хамитов (20-6) 13 желтоқсан күні Краснодарда өтетін GFC 21 турнирінде тәжікстандық Нурилло Алиевпен (4-0) жұдырықтасады деп хабарланған еді.<br />

Алайда бүгін белгілі болған ақпаратқа сүйенсек, «Найман» мен Алиевтің жекпе-жегі желтоқсан айының соңында Алматыда өтетін GFC 23 турниріне ауыстырылды.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Нариман Аббасовтан ұтылған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или