«Сарыарқа» АҚШ-та өнер көрсеткен хоккейшіні қатарға қосты
«Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік қорғаушы Андрей Голиковпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келісімшарт 2 жылға есептелген.
Голиков - Рязань хоккей мектебінің түлегі.
Оның соңғы командасы «Корпус Кристи» хоккей клубы болды. Бұл Солтүстік Америка хоккей лигасында бақ сынайтын Техас штатының (АҚШ) командсы. Аталған команда сапында Голиков 27 ойынға қатысып, 2 (0+2) ұпай жинаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или