ҚХЛ. «Барыс» - «Амур»: Тікелей трансляция

ҚХЛ. «Барыс» - «Амур»: Тікелей трансляция

«Барыс Арена» алаңында құрлықтық хоккей лигасы тұрақты матчы аясында астаналық «Барыс» пен «Амур» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Барыстықтар өткен ойында Қазанның «Ак Барсымен» жолығып, олардан 1:5 есебімен ұтылған болатын. Бұдан бұрын елордалық клуб «Автомобилистті» овертаймда жеңді.

«Амур» өз кезегінде қонақтағы екінші ойынын өткізеді. Олар «Салават Юлаевпен» өткен кездесуде 5:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Кездесу Нұр-Cұлтан уақыты бойынша 17:00-де басталады. Тікелей трансляцияны QazSport және KHL.TV арналарынан тамашалай аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или