«Ак Барс» біздің «Барыстың» қақпасына бес шайба соқты
«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын Қазанның «Ак Барысына» қарсы өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Өткен турда «Автомобилистті» жеңіп, үш ойынға жалғасатын өз алаңындағы ойындар сериясын сәтті бастаған Андрей Скабелка шәкірттері татарстандық командаға төтеп бере алмады.
Төрт ойын қатарынан жеңіске жетіп, айдарынан жел есіп тұрған «Ак Барс» Қазақстан астанасында да жеңіс тойын тойлады. Жай жеңіс емес, ірі жеңіс. Алаң иелерінің қақпасына бес шайба соқты.
«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Ак Барс» (Казань, Ресей) 1:5 (0:3, 0:0, 1:2)

Шайба соққандар:
0:1 — 03:23 Галиев (Тихонов, Кара).
0:2 — 06:44 Галимов (Дыняк).
0:3 — 08:43 Дыняк (Яруллин, Рукавишников).
0:4 — 43:45 Галимов.
1:4 — 46:22 Охтамаа (Диц).
1:5 — 54:29 Галиев (Дыняк).

Қақпашылар: Паскуале 00:00-08:43, Карлссон 08:43-60:00 — Рейдеборн