Евгений Егембердиев ACA 102 турниріне қатыспайды

Евгений Егембердиев ACA 102 турниріне қатыспайды

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (10-2) ACA 102 турниріне қатыспайтын болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұған спортшының жарақат алып қалуы себеп болып отыр.

34 жастағы отандасымыз 29 қарашада «Алматы Аренада» өтетін ACA 102 турнирінде өнер көрсетуі керек еді. Егембердиев Алматыдағы турнирде испаниялық Даниэль Толедомен (7-7) жұдырықтасады деп жоспарланған. Енді оның орнына қырғызстандық Алманбет Нұрәлі өнер көрсетеді.

Айта кетейік, биыл Егембердиев ACA-да 3 кездесу өткізіп, 2 рет жеңіп, бір мәрте жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или