Асланбек Кәкімов «Тобылға» ауысты

Асланбек Кәкімов «Тобылға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Кеше ғана «Ақтөбе» командасынан ресми түрде кеткен жартылай қорғаушы Асланбек Кәкімов келесі маусымда «Тобылда» өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Германияның атақты transfermarkt.de сайты осындай ақпарат таратып отыр. Аталған ақпарат көзіне сенсек, 26 ​​жастағы ойыншы қостанайлық командаға ауысқан.

Айта кетейік, Ақтөбе футболының түлегі Асланбек еңбек жолын 2011 жылы «Ақтөбе-Жас» сапында бастаған. Ал Премьер-лигадағы дебютін 2016 жылы 12 наурызда Шымкентте «Ордабасыға» қарсы матчта (1:3) өткізді. Премьер-лигада 90 матчқа қатысып, 10 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер