Ойыннан от шықты. Төбелес ұйымдастырған «Қайрат» пен «Ақтөбе» фанаттары әкімшілік жазаға ұшырады

Алматы қаласындағы көшелердің бірінде төбелескен футбол командаларының жанкүйерлері әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«28 қыркүйекте кешкі сағат 5-тер шамасында Абай көшесінің бойында бір топ жастар жанжал шығарған. Кейін белгілі болғандай, дау «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы футбол ойыны қарсаңында туындаған. Бұзақылардың барлығы Алмалы аудандық ІІБ-іне жеткізіліп, белсенділері ҚР ӘҚК 330-бабының 1-тармағы бойынша жазалауға ұшырады», - делінген хабарламада.

Оcының алдына «Ақтөбе» жанкүйерлері қала көшелерінің бірінде шеру ұйымдастырып, қала тұрғындары бағытына балағат сөз айтқан болатынн. Ойыннан от шықты деген осы...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или