Агент: Эсеола Украина құрамасына шақырту алады

Агент: Эсеола Украина құрамасына шақырту алады
news-banner7
mobile-news-top

Танымал футбол агенті Александр Панков «Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Украина құрамасына шақырту алатынына сенімді.

«2018 жыл – 35 ойын, 20 гол. 2019 жыл – 31 ойын, 21 гол. «Қайратта» өткізген екі жылдың ішінде Дерин чемпионат пен Еуропа лигасында 41 гол соқты. Ал биыл 19 голмен үздік сұрмерген атанды.

Қазіргі таңда Эсеоланың басты мақсаты – Украина құрамасына шақырту алу. Ол өз мүмкіндігін алатынына сенімдімін, - деп жазды агент Инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Адеринсола Эсеола мен «Астананың» ойыншысы Марин Томасов биылғы чемпионатты үздік сұрмергендері атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер