Жеңіл атлетика

Милад Карими: Токио ойындарына жолдама алған соң жеңіске деген жігерім арта түсті

news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Токио ойындарына жолдама иеленген Милад Карими бұл күндері мақсатты түрде Олимпиадаға дайындалуда. Olympic.kz сайына шағын сұхбат берген спортшы лицензия алған соң жеңіске деген жігері арта түскенін айтады.

«Гимнасика залына ата-анам үш жарым жасымда ап келді. Ол кезде тек жарысты тамашалауға келген едім. Кейін жаттығу жасау туралы ұсыныс айты. Содан бері 17 жылдан аса уақыт өтті. Спорттағы жолым әлі жалғасып келеді. Менің мақсатым – олимпиада жүлдесі. Сол үшін ең біріншік кезекте өзіммен күресіп келем. Шынымды айтсам, Олимпиада жолдамасын иеленген соң жігерім одан әрі арта түсті.

Спортта жеңіс те, жеңіліс те, сәттілік те, сәтсіздік те қатар жүреді. Осыдан біраз уақыт бұрын әлем кубогі кезеңінде ауыр жарақат алғаным жанкүйер есінде шығар. Сол кезде қатты қорқып қалғаным бар. Қуанышқа қарай, бәрі сәтімен аяқталды. Бүгінде спорттық гимнастика менің өміріме айналған. Осы спорт түрінен үш дүркін Олимпиада, он дүркін әлем чемпионы Кохэй Учимураны өзіме үлгі тұтамын. Қазіргі басты міндетім – окио ойындарында сәтті өнер көрсету үшін тер төгу», - дейді Карими.

Айта кетелік, Милад Карими Германияның Штутгарт қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында көпсайыстан Олимпиада жолдамасын еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер