«Барыс» әлем чемпионын қатарға қосты

«Барыс» әлем чемпионын қатарға қосты

Елордалық «Барыс» 31 жастағы финдік қорғаушы Атте Ахтамаа командаға ауысқаны туралы ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы «Барыспен» 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін біржақты келісімге қол қойды.

Атте Ахтамаа - финдік хоккейші: ол 2018 жылғы Гагарин кубогын Қазан «Ақ Барс» құрамында топ жарды. Финляндия құрамасымен бірге 2019 жылғы Әлем чемпионатын жеңіп алды. Сонымен қатар, Ахтамаа екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Охтаама ағымдағы маусымды швейцариялық «Луганода» бастады.

Атте КХЛ-да 264 матч өткізген хоккейші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или