«Барыстың» бұрынғы ойыншысы хоккейге қайта оралды
Елордалық «Барыс» пен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Кевин Даллмэн хоккей спортына қайта оралды, деп жазады Prosports.kz.
Бірақ ол енді мұз айдынында өнер көрсетпейді. Бұл туралы хоккейшінің агенті Шуми Бабаев мәлімдеді.
Даллмэн енді Бабаевтің көмекшісі болып қызмет атқармақ.
Еске сала кетейік, 38 жастағы Даллмэн кәсіпқой мансабын осы жазда аяқтаған. «Барыс» сапында ол ҚХЛ-да 8 маусым өнер көрсетті. Ал Қазақстан құрамасымен бірге екі әлем чемпионатына қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или