UFC 244. Масвидаль Диасқа мүмкіндік беретінін айтты
UFC 244 турнирінде Нейт Диасты жеңген Хорхе Масвидаль UFC ұйымының «ең мықты жігіт» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек үшінші раундта бітті, себебі дәрігерлер Диастың қабағынан қан тоқтамай қойғандықтан, оның октагонға оралуына рұқсат бермеді.
Масвидаль Нейтпен екінші рет кездесуге дайын екенін айтты.
«Кездесуден көңілім күпті болды. Қапа болдым. Қапа болғанда қандай! Мен жаңа ғана Нейтке тағы да кездесерміз дедім. Сен маған құрмет көрсетсең, мен де қарымтасын қайтарамын. Мен қарсыласымның есі барда октагоннан шыққым келмейді. UFC, кәне қайталайық. Мен қарсыласымды жаншып тастағанда ғана қанағаттанамын. Бүгін ол қолымнан келмеді, сол үшін тағы бір қайталайық.
Нью-Йорк, біз жекпе-жекті қалайда қайталаймыз. Біз үш раундты да керемет өткіздік, сол үшін маған «гуілдемей-ақ» қойыңыздар, сондай-ақ сода сусыны мен үш қосарланған комбоны да ұмытпаңыздар. Мен төбелесуге шығамын, дәрігердің кездесуді тоқтатқанына мен кінәлі емеспін. Менің Диасқа қарымта қайтаруға мүмкіндік беремін», - деді Масвидаль.