ММА

МакГрегор: Кінәмді мойындаймын, енді қайталанбайды

МакГрегор: Кінәмді мойындаймын, енді қайталанбайды
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының экс-чемпионы Конор МакГрегор түрмеге отырмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, биылғы жылдың сәуірінде ирландиялық спортшы Дублин пабтарының бірінде қарт кісіге тиіскен болатын. МакГрегордың жарты жылға түрмеге отыратыны туралы қауесет сол кезде жер-жаһаға таралып кетті.

Сот отырысында екі тараптың келісімге келгені мәлім болды, алайда жәбірленушіге төленген соманың көлемі құпия күйінде қалды.

Жәбірленуші Конордың жазаланбауын сұрады, сот спортшыға 1000 еуро көлемінде айыппұл салды.

«Менің қылығым дұрыс емес. Жәбір көрсетілген тараптан кешірім сұраймын. Мен сіздердің алдарыңызда кешірім сұраймын және мұндайдың енді қайталанбауына уәде беремін», деді Конор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер