МакГрегор 2020 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

МакГрегор 2020 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесі  бойынша экс-чемпионы Конор МакГрегордың бапкері Джон Кавана шәкіртінің алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Конор жарау аттай тыпыршып тұр. Оның оралғаны мені, әрине, қуантады. Ол келесі жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап қойды. Алғашқысы – қаңтарда, содан кейін сәуір мен қыркүйекте. Оның жібі түзу идеяларын естімегеніме көп болған еді», - деді Кавана bjpenn.com порталына берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, ирландиялық спортшы соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың қазанында өткізіп, Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или