«Барыс» хоккей клубы қайырымдылық аукционын өткізеді
2 қараша күні «Барыс» хоккей клубы жас хоккейші Диас Маратқа көмек беру үшін қайырымдылық аукционын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аукцион ЦСКА-мен өтетін матч алдында, «Барыс» клубтық заттар дүкені маңында ұйымдастырылады.
Түскен қаржының бәрі бассүйек миы жарақаты диагнозымен ауырып жатқан Диас Мараттың ем-домына жұмсалады. Лоттар – Никита Михайлис, Даррен Диц, Антон Сагадеев және Хенрик Ларссонның жеке ойын таяқшалары. Сондай-ақ Әлихан Әсетов пен Егор Петуховтың джерсилері де аукционға қойылады.
Қаржы аударуға ниеттілер табылып жатса, мына реквизиттерге жіберуге болады:
Анасы Гульвайра: +77019995397

Әкесі Бауыржан: +77772777900

Kaspi Gold 5169 4931 2373 6871

QIWI әмияны: +77019995397

Яндекс ақша: 4100 1993 1555 678