Қазақстан құрамасының Тайландта өтетін турнирдегі қарсыластары белгілі болды
7-12 қаңтар аралығында Нахон Ратчасима (Таиланд) қаласында волейболдан әйелдер арасындағы құрлықтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда 8 команда 2020 жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялық турниріне келуі керек еді. Бірақ Гонконг командасы қатысу өтінімін кері қайтарып алды. Осылайша, қалған жеті мемлекет екі топқа бөлінді. А тобында: Тайланд, Қытай Тайбэйі және Австралия. Ал Оңтүстік Корея, Қазақстан, Иран және Индонезия В тобында бақ сынайды.
Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы матчын Иран құрамасына қарсы ойнайды.
Өз топтарында алғашқы екі орынды иеленген командалар жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или