Этникалық қазақ UFC компаниясымен жаңа келісімшарт жасасты
Ресейдің этникалық қазағы, M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы, қазіргі кезде UFC-де жекпе-жек өткізіп жүрген Дамир Исмағұлов америкалық промоушнмен жасасқан жаңа келісімшарты жайлы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz.
«ММА аймағы» Youtube арнасына сұхбат берген Исмағұлов UFC компаниясымен жаңа келісімшарт жасасқанын айтты. Жаңа келісім бойынша ресейлік спортшы бес жекпе-жек өткізуі тиіс. Дамир одан бөлек, соңғы кездесуінде алған жарақаты туралы да сөз қозғады.
«Бес жекпе-жекке шығу туралы келісімшарт қолымда. Ең соңғы жекпе-жек Дана Уайт пен UFC мамандарына ұнапты. Сол кештен кейін қонақүйде жатсам, маған хабарласып, жаңа келісім ұсынды. Аяғымның дұрыс болмай тұрғанын да сол кезде сездім. Аса ештеңе болмаған шығар деп үміттеніп едім, жарақатым айтарлықтай ауыр екен. Одан толық емдеуге көп уақыт керек».
«Жақында ота жасалды. Бәрі жақсы болар деп ойлаймын. Жаттығуға оралғым келеді. Жарақат алсаң кімнің кім екенін білесің. Сен чемпион болып, бәрін қоғадай жапырып жүргенде бәрі сенімен төбелесуге ұмтылады. Менің проблемам қарсылас пен жекпе-жекке шығатын күнді өзімнің таңдай алмауымда болатын. Күтуден басқа амалым қалмайтын. Тек қарсылас пен қай салмақта шығатынымды айтады. Зубайраны кездесуге шақырғаным ғана басқа әңгіме», дейді спортшы.
Айта кетелік, Исмағұлов өткен жылдың желтоқсанында UFC-ге жасаған жорығы сәтті басталды. Одан бері үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен ол компанияда рекорд орантты.