Данияр Елеусінов жыл соңында шаршы алаңға оралады

Данияр Елеусінов жыл соңында шаршы алаңға оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Данияр Елеусінов қыркүйек айында <span>америкалық Решард Хиксті (12-0-1, 6 КО) бірінші раундта екі мәрте нокдаунға түсіріп, жеңіске жеткен еді.</span>

<span>Енді қазақстандық боксшы 20 желтоқсан күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand кешенінде шаршы алаңға шығуы мүмкін. Кештің басты жекпе-жегінде Дэниел Джейкобс пен кіші Хулио Сесар Чавес жұдырықтасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или