Бокс

Данияр Елеусінов жекпе-жегін бірінші раундта аяқтады

Данияр Елеусінов жекпе-жегін бірінші раундта аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) америкалық Решард Хиксті (12-0-1, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нью-Йорктегі Hulu Theater залында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Данияр Елеусінов пен Решард Хикстің жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған. Алайда Данияр бірінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамыр күні чилилік боксшы Луис Нормабуэнаға қарсы өткізіп, алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер