Тақтың тағдыры «Астананың» қолында

Тақтың тағдыры «Астананың» қолында
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының 30-шы турына қазақ футболындағы қос алып клуб «Астана» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 9-шы минутында Марин Томасов жойқын соққысымен Стас Покатилов қақпасының алыс бұрышын дәл көздеп, есеп ашты. Бірінші таймның аяғына дейін қайраттықтарда таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік болғанымен, Алексей Шпилевский шәкірттері гол соға алмады.

Ойынның екінші бөлігін алаң иелері белсенді бастады. Сергей Хижниченко 61-ші минутта есепті еселеп кетті. Абзал Бейсебеовтың соққыға ұқсас пасын 28 жастағы шабуылшы голға ұластыра алды.

Қонақтар араға сегіз минут салып, есепті қысқарта алды. Бұрыштамадан кейін қырағылық танытқан қорғаушы Раде Дугалич Ненад Эричтің иелігінен саңылау тапты. Дугалич осы маусымда екінші мәрте «Астана» қақпасына гол соқты. Алматылық жанкүйерлердің өкінішіне орай, «Қайрат» футболшы есеп теңестіре алмады.

Ел біріншілігің аяқталуына үш тур ғана қалды. «Қайрат» көш бастап тұр. Екінші сатыдағы «Астанадан» екі ұпай озып тұр. Әйткенмен, елордалықтар бір матч кем өткізген. Сол ойынды ұтса, «Астана» «Қайраттан» бір ұпай озып, бірінші орынға шығады деген сөз. Қалған үш матчта да елордалық команда сүрінбесе, кезекті мәрте Қазақстан чемпионы атанады. Демек, тақтың тағдыры «Астананың» қолында.

ҚПЛ. 30-тур.

«Астана» - «Қайрат» - 3:1(1:0)

Голдар: Марин Томасов 9, Сергей Хижниченко 61, Рангело Янга 90+4 - Раде Дугалич 69

«Астана»: Ненад Эрич (Қ,К), Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Лука Шимунович, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Абзал Бейсебеков, Роман Муртазаев (Юрий Логвиненко 89), Дорин Ротариу, Марин Томасов (Юрий Перцух 55), Сергей Хижниченко (Рангело Янга 90+3).

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Дино Миканович, Раде Дугалич, Нұрәлі Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (Айбол Әбікен 46), Бауыржан Исламхан (К), Конрад Вржещиньский (Еркебұлан Сейдахмет 65), Мартин Эппель, Адеринсола Эсеола

20 қазан. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер