Еділ Қожамбердиев: Казим Умудов - өте мықты қарсылас

Еділ Қожамбердиев: Казим Умудов - өте мықты қарсылас

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Алматыдағы бокс кешінде әзірбайжандық Казим Умудовпен болатын ертеңгі жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

  - Мен қарқынды жаттығып жатырмын. Бапкерім Арман Абдуалиевтің арқасында жеңісіме сенімдімін. Менің қарсыласым әзірбайжандық Казим Умудов болады.

Қарсыласымды толығымен зерттеймін деп өзіме мақсатын қоймадым, бірақ оның бірнеше жекпе-жегін көрдім. Ол бұрын Али Балоевпен жұдырықтасқан өте мықты қарсылас, - деді Еділ Қожамбердиев баспасөз мәслихатында.

Бүгін салмақ өлшеу рәсімі өтті. Екі боксшы да керекті салмақ дәрежесін көрсеті. Қазим Умудовтың салмағы 90,4 келіні, қазақстандық боксшының салмағы - 89,3 келіні құрады.

Еске сала кетейік, 12 қазан күні <span>Алматыдағы Grand Park сауда орталығында «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтеді.</span>

 

«JETISÝ Jaýyngerleri» бокс кешінің андеркарты

Қожамбердиев Алматыдағы титулды жекпе-жекке қызу дайындық үстінде

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или