Matchroom Boxing: Головкин мен Деревянченко қарымта жекпе-жекке шығуы мүмкін

Matchroom Boxing: Головкин мен Деревянченко қарымта жекпе-жекке шығуы мүмкін

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында қарымта жекпе-жектің өтуі туралы айтты, деп жазады Prosports.kz украиналық Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

«Мен екінші жекпе-жекті көргім келеді. Бірақ оның өту-өтпеуі жайлы ештеңе білмеймін. Геннадидің жағдайы жақсы ма, соған көз жеткізу керек. Оның беті ісіп кетті ғой!

Қарымта айқасты көргісі келмейтіндер жоқ шығар. Біреуге Геннадидің жұдырықтасу мәнері  ұнар, ал біреу Сергейдің боксын жақсы көреді. Егер күмән туып жатса, онда қарымта жекпе-жекті 2020 жылы өткізіп қалуымыз ғажап емес. Мен Деревянченконы сыйлаймын, әрине, алайда ұйым екінші кездесуді ұйымдастыруға міндетті емес деп санаймын», дейді Хирн.

Еске сала кетейік, бүгін, 6 қазанда Нью Йоркте<span> </span>Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен<span> </span>жұдырықтасып, 12 раундқа созылған жекпе-жекте жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или