GGG: Ысқырудың қажеті қанша?

GGG: Ысқырудың қажеті қанша?

Нью-Йорктің атақты «Madison Square Garden» кешенінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салған Геннадий Головкин  мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жектен кейін залдағы көрермендер қазақстандық боксшыға наразылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин сөйлеп тұрғанда наразы болған көрермендерге «Ысқырудың қажеті жоқ. Жақсы дайындалып келген қарсыласыма рахмет. Оның мықты боксшы екенін бұрыннан айтып жүрмін. Тәжірибем тағы толыға түсті. Бірінші раундтан кейін жекпе-жек аса қиынға соқпас деп ойладым, алайда өте қиын айқас болды», деп жауап қатты.

Еске сала кетейік, бүгін, 6 қазанда Нью Йоркте Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, 12 раундқа созылған жекпе-жекте жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или