Серік Сәпиев «Астана» баскетбол клубына сәттілік тіледі

Серік Сәпиев «Астана» баскетбол клубына сәттілік тіледі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев «Астана» Президенттік баскетбол клубының маусымалды таныстыру іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бәріміз білетіндей «Астана» баскетбол клубы өткен маусымда тарихындағы ең биік нәтижеге қол жеткізді. Көріп тұрғанымыздай, команда жылдан жылға дамып келеді. Тағы бір айта кетерлігі, еліміздің барлық аймағында баскетбол дамып жатыр. Ішкі біріншілік өтеді. Ал «Астана» баскетбол клубы болса титулдар саны бойынша рекорд иесі»,- деді Сәпиев.

Таныстыру іс-шарасында клубтың жаңа құрамы мен команданы имиджін арттыру мақсатында жасалған жоспары ел назарына ұсынылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или