«Сарыарқаның» бапкері сөзінде тұрды
«Сарыарқа» хоккей клубы ЖХЛ аясында өз алаңында өткен үш ойында жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.
Қарағандылық клуб маусымды аса сәтсіз бастаған. Алғашқы жеті ойынның екеуінде ғана жеңіске жетті. Осы сәтсіздіктен кейін бас бапкер Леонид Тамбиев уәде беріп, өз жерімізде өтетін ойын сериясында сөзсіз жеңіске жететінін жеткізді.
Бас бапкердің уәдесі орындалды. <span>«Сарыарқа» үш ойын қатарынан жеңіске жетті. Атап айтқанда, «Ростов» қақпасына алты шайба соқса, «Буранды» 4:0 есебімен жеңді. Ал «Тамбов» командасынан 2:1 есебімен басым түсті. </span>
<span>Осылайша, «Сарыарқа» турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. </span>
«Сарыарқа» келесі турда «Номадпен» кездеседі. Алғашқы қазақстандық дерби 4 қазанда елордада өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или