Кәсіпқой рингте Фируза Шәріпова қандай жетістіктерге жетті

Кәсіпқой рингте Фируза Шәріпова қандай жетістіктерге жетті

Prosports.kz сайты кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтаған Фируза Шәріпованың жарқын сәттерін, қандай жетістіктерге жеткенін баяндамақ.

3,5 жылда қазақстандық боксшы қыз кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, онында (бесеуін-нокаутпен) жеңіске жеткен. Фируза дебютінде София Очигавадан жеңіліс тапқан екен.

Алғашқы титулды жекпе-жегіне дейін боксшы қызымыз алты айқас өткізді. Осылайша Шәріпова 2017 жылдың тамыз айында болгариялық Милена Колеваны жеңіп, жеңіл салмақтағы WIBA және WBU титулдарын еншіледі.

Алматыда өткен келесі тағы бір титулды жекпе-жегінде Фируза бельгиялық Джемилла Гонтарюкты ұтыпIBO және WBS Silver белбеулерін иеленген болатын.

Бір жыл бұрын Санкт-Петербургте өткен бокс кешінде ресейлік Юлия Куценконы тізе бүктіріпжеңіл салмақта WIBA чемпионы атағын қорғап шықты.

Ағымдағы жылдың сәуірінде Фируза Шәріпова IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан және WBC Silver белбеуінен айырылды.

«Бұл - қалыпты жағдай, себебі бір жылдан бері қорғалған жоқ. Чемпион өз белбеуін қорғауы тиіс. Өткен жылдың соңында Ева Вальстреммен бірлескен айқас өткізуді жоспарладық. Ол - WBC тұжырымы бойынша чемпиондық титулдың иегері. Қаржыландыруға көмек сұрадық. Әкімдіктер мен Мәдениет және спорт министріне хат жолдадық. Өкінішке қарай, бізге қаражат табылмады», - деді Ф. Шәріпова.

Оның айтуынша, Е. Вальстрем үлкен көлемдегі гонорар сұраған.

20 сәуірде Мәскеуде өткізген соңғы жекпе-жегінде жерлесіміз ресейлік Анастасия Тришеваны жеңді.

Қазіргі таңда 25 жастағы боксшы Boxrec.com порталында 17-орында тұр.

фируза Шәріпова: «Қазақстанда бізді ешкім қолдаған жоқ»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или