Бокс

Фируза Шәріпова IBO және WBS Silver белбеулерін иеленді

Фируза Шәріпова IBO және WBS Silver белбеулерін иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда кәсіпқой бокстан және аралас жекпе-жектен өткен үлкен спорт кеші өз мәресіне жетті.

«Алматы-Аренадағы» кештің басты кездесуі отандасымыз Фируза Шәріпова мен бельгиялық Джемилла Гонтарюк арасында өтті. Олар IBO және WBS Silver белбеулерін сарапқа салды. Әуесқой бокста жүріп біршама жетістікке жеткен Фируза кәсіпқой бокста да қарсылас шақ келтірмеді. Он раундқа созылған жекпе-жекте Фируза айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша , жерлесіміз IBO және WBS Silver белбеулерінің иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы күні Әли Ахмедов пен Ержан Залиловтар кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектерін өткізіп, қарсыластарының осал тұстарын тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер