ММА

Хабиб жеңіске жетудің құпияларын ашты

Хабиб жеңіске жетудің құпияларын ашты
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов жетістікке жетуге үнемі себеп болатын бойындағы қасиеттері туралы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz.

«Мен қарсыластарыммен қалай күресуді және оны қалай жеңуді білемін, - деді Нурмагомедов. – ММА спортында тер төгіп жүрген көптеген спортшылар күн сайын жаттығады, бірақ түк шықпайды. Жеңімпаз болу үшін тастай бұлшықет пен сұрапыл соққы аздық етеді. Чемпион атану және үнемі жеңіске жету үшін жігеріңді жанып, кез келген соққыны лайықты қабылдап, өзіңді де, өзгені сыйлауың аса маңызды. Күш, абырой және сыйластық – спортта ғана емес, өмірде де жеңіске жетуге қажет болатын ең басты адами қасиеттер мен құндылықтар».

Еске сала кетелік, Хабиб Нурмагомедов 7 қыркүйек күні америкалық Дастин Порьемен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер