ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда жеңіске жетті
Елордалық «Барыс» хоккей командасы сырт алаңда «Металлург» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Магнитогорскта өткен ойын 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
«Барыс» сапынан Джесси Блэйкер, Никита Михайлис және Роман Старченко шайба соқты.
Андрея Скабелка шәкірттері жаңа маусымды сәтті бастай алған жоқ. Алғашқы 6 ойынның үшеуінде жеңіліп қалды. Бірақ көш жүре түзеліп келеді. Елордалықтардың қазіргі қадамы жаман емес.
Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 27 қыркүйекте сырт алаңда «Тракторға» қарсы өткізеді.
«Металлург» – «Барыс» – 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)

0:1 Блэкер (Шевченко) 03:06
1:1 Дорофеев (Постма) 22:17
1:2 Михайлис (Диц, Старченко) 50:32 ГБ
1:3 Найт(Старченко, Паскуале) 51:33
Қақпашылар: Кошечкин – Паскуале

Металлург арена. 5249 көрермен