Атырауда өтетін ММА турниріне Хабиб Нурмагомедов қонаққа келеді

Атырауда өтетін ММА турниріне Хабиб Нурмагомедов қонаққа келеді

25-27 қыркүйек аралығында Атырауда «Jastar Sport Fest» жобасы аясында спорттық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорттық шараға жекпе-жек әлемінің белгілі тұлғалары құрметті қонақ ретінде шақырылып отыр: Хабиб пен Абдулманап Нурмагомедовтар, Ислам Махачев, Забайра Тухугов және Олимпиада чемпионы Роман Власов, Тагир Хайбуллаев. Сонымен қатар белгілі қазақстандық спортшылар Максим Раков, Сергей Морозов, Дамир Исмагулов, Шавхат Рахмоновтар қатысқалы отыр.

Үш күнге созылатын фестиваль «Gorilla Fighting Champioship 17» Әлемдік турнирімен аяқталады. Алдағы іс-шараның басты қонағы, жеңіл салмақтағы UFC әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов атыраулықтарға сәлем жолдап үлгерді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или