Күзде кімдер жекпе-жек өткізеді?
Жаз бойы сегізбұрышқа шықпаған спортшыларымыз жақында жанкүйерлермен қайта қауышады. Prosports.kz сайты назарларыңызға қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандарының қашан октагонға оралатынын ұсынады.
27 қыркүйек. Мәскеу, ACA 99. Арман Оспанов
Бір аптадан соң «Сұңқар» кезекті жекпе-жегін өткізеді. Арман Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковқа қарсы үшінші мәрте октагонға шығады.
27 қыркүйек. Атырау, GFC 17
Дәл осы күні Атырау қаласында аралас жекпе-жек кеші өтеді. Бұл кеште төрт бірдей спортшымыз жекпе-жекке шығады. Олар:
Ералы Әбдіров (9-5-0) - Александр Подлесный (14-7-1) (Украина)
Жұмагелді Жалгасұлы (5-1-0) - Алехандре Рибейро (15-5-1) (Бразилия)
Абылай Төлеш (5-1-0) - Зак Фатуллазаде (14-7-0) (Грузия)
Дәурен Ермеков (13-4-0) - Сергей Калинин (9-5-0) (Ресей)

4 қазан. Грозный, ACA 100. Спартак және Сақ
Қазан айының басында екі бірдей спортшымыз Грозный қаласында жекпе-жек өткізеді. АСА 100 турнирінің аясында Артем Резников Хасан Халиевке қарсы қарымта айқас өткізсе, Асылжан Бақытжанұлы ресейлік Алексей Стоянмен қолғап түйістіреді.

19 қазан. Сочи, FNGlobal 95. Жалғас Жұмағұлов
Еліміздің ең үздік файтерлерінің бірі Fight Nights Global чемпиондық белбеуін қорғайды. Жалғас Жұмағұлов FNGlobal 95 турнирі аясында Тагир Уланбековпен жұдырықтаспақ.

19 қазан. Нұр-Сұлтан, M-1 Challenge 105. Сергей Морозов және Арман Әшімов
M-1 Global ұйымының кезекті турнирі Қазақстанда өтпек. Бұл кештің басты жекпе-жектерінде Сергей Морозов пен Арман Әшімов төбелеседі.
