Қазақстан бокс федерациясы AIBA-дан түсініктеме талап етеді

Қазақстан бокс федерациясы AIBA-дан түсініктеме талап етеді

Қазақстан бокс федерациясы AIBA-ның уақытша президентіне Ресейдегі әлем чемпионатының жартылай финалындағы Валий Левит пен эквадорлық боксшы арасындағы жекпе-жектің нәтижесіне наразылығын білдіріп, чемпионаттан кейін түсіндірме талап ететінін білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті Мұхаммед Мұстасан! Қазақстан бокс федерациясы Екатеринбургте өткен ХХ әлем чемпионатындағы төрешілерге байланысты сізге жүгінуге мәжбүр, хатқа ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов қол қойды. Жекпе-жектер барысында төрешілер біздің көзқарасымызға күмән тудыратын бірнеше шешімдер қабылдады. Ең жоғары наразылық 91 келі салмақтағы жартылай финалда қазақстандық Василий Левит пен эквадорлық Хулио Сезар Кастильо Торес арасындағы жекпе-жекте орын алды.

Бұл кездесуді тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар Олег Саитов, Алексей Тищенко, Егор Мехтонцев, Григорий Дрозд секілді шетелдік мамандар бұл шайқаста сөзсіз Василий Левит жеңіске жетті деп есептейді. Қазақстандық боксшының үш раундтағы басымдылығы көрермендердің бәріне айқын көрініп тұрды.

Алайда AIBA төрешілерінде ешкім білмейтін өздерінің бағалау әдістері бар секілді. Үш төреші - АҚШ, Оңтүстік Корея және Уганда өкілдері - жеңісті Эквадор боксшысына берді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан келген қазы Левиттің қарсыласына 30:27 есебімен жеңісті берді!

Мүмкін, жанкүйерлер жекпе-жекті қапталдағы төрешілер секілді көре алмаған шығар. Бірақ бүкіл әлемдегі жанкүйерлер мен сарапшылар керемет кезедсуді теледидар мен интернет-трансляциялардың арқасында егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік алды, ал көпшілігі Левитті жеңімпаз деп санайды.

Жаңа ережелердің арқасында жаттықтырушылар наразылық білдіріп, қайта қарауға құқылы екенін білеміз. Бірақ бұл жағдайда боксшының секундтары жағдайды жеңе алмады. Қазақстандық жаттықтырушылар эквадорлық боксшының қолын қалай көтеріп жатқанын көргенде өз көздеріне өздері сене алмады. Олар өздерінің эмоциясына ерік берді және рингтен кетіп қалды. Бірнеше секундтан кейін жаттықтырушы қайта оралды, бірақ олар сары қағазды қабылдаудан бас тартты.

Құрметті Мустасан мырза, біз Риодағы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың арасындағы жекпе-жектен кейін осындай жағымсыз жағдайға тап болдық. Олимпиада кезіндегі ұятты шешімді бүкіл әлем тонау деп атады. Осыдан кейін көптеген оқиғалар болды және AIBA сыбайлас жемқорлықты жоятын түбегейлі реформалар жүргізетінін мәлімдеді. Қазақстан бокс федерациясы AIBA Екатеринбургтегі Әлем кубогында берген уәделерін орындайды деп сенді. Бірақ біздің тағы да көңіліміз қалды.

Қазақстан көп жылдар бойы AIBA бастамаларын белсенді түрде қолдап келеді және тіпті ең жақсы бокс федерациясы деп аталды. AIBA-ның Олимпиадалық отбасына оралуы үшін барлығын жасайтындығы туралы мәлімдемесін біз қуана қабылдадық. Біз бұл үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайын едік, бүгін финал күні. Сізден бүгінгі жарыстарда әділ және ашық төрешілік ету үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауыңызды сұраймыз. Содан кейін, чемпионат аяқталғаннан кейін бірден Қазақстан бокс федерациясы AIBA жарыстарындағы төрешілерге қатысты барлық мәселелерді ресми түрде түсіндіруді талап етеді, сонымен бірге сізден болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы хабарлауыңызды сұраймыз».

Еске сала кетейік, Левит даулы жекпе-жекте төрешілер шешімімен эвкадорлық <span>Хулио Сезар Кастиллиодан ұтылып қалған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или