Бокс

Василий Левит қола медальді қанағат тұтты

Василий Левит қола медальді қанағат тұтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай финалға 6 қазақстандық боксшы шыққан болатын.

Өкіншке орай, күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз да жеңіліп қалды. Ең алдымен Сәкен Бибосынов (52 келі), одан кейін Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) ақтық сынға өте алмаған еді.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Василий Левит те жартылай финалдан аса алмады. Ол Эквадор спортшысы Хулио Сезар Кастиллиоға 2:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Левит биыл көктемде өткен Азия чемпионатында Корея боксшысынан нокаутпен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер