ҚХЛ. «Барыс» Алматыда екінші жеңісін тойлады

ҚХЛ. «Барыс» Алматыда екінші жеңісін тойлады

Алматыда өткен Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті ойынында елордалық «Барыс» «Тракторды» қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның бірінші кезеңінде гол соғылған жоқ.  Екінші кезеңде Роман Старченко Шалаповтың пасынан кейін есеп ашты. Одан кейін алаң иелері сапынан төбелес ашқан Дмитрий Шевченко  10 минутқа алаңнан қуылды. Араға бір минут салып, финляндиялық Ииро Пакаринен есепті 2:0 жеткізді. Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Павел Акользин де он минутқа қуылды.  Үшінші кезеңде есеп өзгеріссіз қалды.

«Барыс» осы маусымдағы тамаша ойындарының бірін өткізді. 12147 көрерменнің қолдауынан қуат алған елордалықтар қарсылас қақпасына 35 соққы жасаған.

«Барыс» - «Трактор» - 2:0 (0:0, 2:0, 0:0).

Голдар: 01:34, Старченко (Шалапов, Шестаков), 03:11 Пакаринен (Блэйкер, Бойд).

Алаңнан қуылғандар: Шевченко, Акользин – Меньшиков.

20 қыркүйек. Алматы. «Алматы Арена». 12147 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или