«Барыс» үздік букмекерлік компаниямен келісімшарт жасасты

«Барыс» үздік букмекерлік компаниямен келісімшарт жасасты

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы ТМД-дағы ең үздік букмекерлік компаниялардың бірі FONBET букмекерлік кеңсесімен серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Қол қою рәсімі Алматыда өткен «Барыс» командасының алғашқы матчынан кейін «Алматы Аренада» өтті. Рәсімге FONBET Қазақстанның маркетинг жөніндегі директоры Вадим Тишаков пен «Барыс» хоккей клубының вице-президенті Арнур Альшеров қатысты.

Бұдан бөлк іс-шараға Құрлықтық хоккей лигасының маркетинг жөніндегі вице-президенті Сергей Доброхвалов те қатысып, сөз сөйледі. 

Ол «Барыстың» ҚХЛ аясында көрсетіп жүрген өнеріне ризашылығын білдірді. Әрі клуб пен FONBET компаниясын қол жеткізген жаңа келісімшартымен құттықтай отырып, істестіктің тереңдей түсеріне сенім білдірді.

Оның сөзін жалғаған Арнур Альшеров FONBET-тің спортты, әсіресе хоккейді дамуытуға үлкен үлес қосып отырған айтты. Сонымен қатар, компанияның клубты Қазақстан Республикасының аумағында серіктес ретінде таңдағанына алғыс айтып, алдағы уақытта жақсы өнер көрсетуге сенім білдірді.

Ал команда қорғаушысы Алексей Маклюков клубтың вице-президентінің сөзін қолдайтынын жеткізді. Ол FONBET-пен ынтымақтастық орнату «Барысқа» бұрынғыдан да сенімділік сыйлайтынын айтты.

Өз кезегінде ФОНБЕТ Қазақстанның маркетинг жөніндегі директоры Вадим Тишаков те «Барыспен» келісімге келгендеріне қуанышты екенін айтты. Сонымен қатар, Барыс» компанияның Қазақстандағы алғашқы демеушілік активі екенін мәлімдеді. 

Кездесу соңында «Барыс» ХК мен FONBET өкілдері кәдесыйлармен алмасты. Айта кетерлігі, 2019 жыл бұл екі ұжым үшін де мерейтойлық жыл. Атай айтқанда, FONBET-ке 25 жыл, ал «Барысқа» 20 жыл толып отыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или