«Барыс» – «Трактор» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 20 қыркүйекте «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матчын екінші мәрте Алматыда өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Елордалық команданың бүгінгі қарсыласы - <span>челябілік </span>«<span>Трактор</span>».
Андрея Скабелка шәкірттері биыл жаңа маусымды сәтті бастай алған жоқ. 6 ойын өткізіп, үшеуінде жеңіліп қалды.
Алғашқы ойында «Адмиралынан» жеңіліп, екінші турда Хабаровсктің «Амурын» 3:2 есебімен жеңді. Үшінші турда ҚХЛ аутсайдерлерінің бірі «Куньлунь Ред Стардан» 1:0 есебімен жеңілді. Бірақ араға бір күн салып осы команданы 2:3 есебімен жеңді. Ал 11 қыркүйекте «Амурды» тағы жеңді (1:3). Әзірге соңғы ойынында сырт алаңда «Адмиралдан» 3:0 есебімен жеңілді. Алматыда өткізген алғашқы матчында мәскеулік «Спартакты» 3:0 есебімен ұтты.
«Барыс» – «<span>Трактор</span>» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.