Баскетболдан әлем чемпионатының финалистері анықталды

Баскетболдан әлем чемпионатының финалистері анықталды

Баскетболдан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финал ойындары аяқталды. Испания құрамасы овертаймда Аустралияны жеңді, Аргентина Франциядан айласын асырды, деп жазады Prosports.kz

Испаниялықтар Аустралияны овертаймда 95:88 (22:21, 10:16, 19:18, 20:16, 9:9, 15:8) есебімен ұтты.

Аргентина Франция құрамасын 80:68 (22:18, 18:14, 21:16, 20:18) есебімен жеңді.

15 қыркүйек күні әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін  Франция мен Аустралия күш сынасса, дәл сол күні Аргентина мен Испания чемпиондыққа таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или