Су добынан Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Су добынан Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Португалияның Фуншал қаласында су добынан 20 жасқа толмаған қыздар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Бразилия мен Қазақстан құрамалары кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Тартысты өткен ойында қазақстандық қыздар қарсыластарына есе жіберді. Қорытынды есеп 10:15 (2:4, 4:2, 4:3, 5:1) болды.

Естеріңізге сала кетейік, В тобында Қазақстан мен Бразилиядан бөлек Испания мен Голландия құрамалары бақ сынайды.

Біздің құрама бүгін 14:00-де (елорда уақытымен) Испанияға қарсы кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или