UFC президенті Хабиб Нурмагомедовты ММА тарихындығы үздік спортшыға балады
UFC президенті Дана Уайт Хабиб Нурмагомедовтың жақын арада ММА тарихындағы ең үздік спортшы болатынына сенімді, деп жазады Prosports.kz.
— Ол жекпе-жекте керемет көрінді. Айтарлықтай басымдыққа ие болды. Гильотинаға түсіп қала жаздап, одан да сытылып шықты. Басқалар шыға алмас еді. Хабибтің мықтылығы соншалық, оның қолынан келді. Хабиб – ерекше спортшы. Ол екі жекпе-жек өткізсе, барлық кездердегі үздік жауынгер болады деп ойлаймын. Осыншама ұзақ уақыт бойы жеңілмеу, әсіресе осы дивизионда... Оның спорттық мәнсабы да ерекше, - деді Уайт.
Еске сала кетелік, UFC-242 турнирінде Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьені қылқындыру әдісімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или