«Барыс» КХЛ-дан қомақты қаржы алады

«Барыс» КХЛ-дан қомақты қаржы алады

Континенталды хоккей лигасы директорлар кеңесінің 6 қыркүйекте өткен отырысында лигалық клубтар теледидар құқығын іске асырудан алатын үлесін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық «Барыс» КХЛ-дан 13492826 рубль алады. Чемпионатқа қатысқаны бойынша қазақстандық клубқа бөлінген сома 4537136 рубльді, телекөрсетілім принципі бойынша - 5411053 рубльді, плей-оффқа қатысушы ретінде - 3544637 рубльді құрады.

2018/2019 маусымының қорытындысы бойынша теледидарлық құқықтарды жүзеге асырудан ең көп кірісі бар үздік 5 клуб:

1. ЦСКА (Мәскеу) - 72 548 650 рубль.

2. «Джокерит» (Хельсинки) - 39 402 200 рубль.

3. «Авангард» (Омск) - 31 398 918 рубль.

4. «Динамо» (Рига) - 21 127 473 рубль.

5. СКА (Санкт-Петербург) - 20 043 988 рубль

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или