ММА

Димаш Құдайбергенов Жұмағұлов - Багаутинов жекпе-жегінің қонағы болады

Димаш Құдайбергенов Жұмағұлов - Багаутинов жекпе-жегінің қонағы болады
news-banner7
mobile-news-top

Әнші Димаш Құдайбергенов қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов пен Али Багаутинов арасында өтетін жекпе-жектің құрметті қонағы болады.

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенов Сочи қаласында өтетін Fight Nights Global 95 турнирінің құрметті қонағы болады. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновпен (19-6) кездеседі. Отандасымыз ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 31-тамызында Тагир Уланбековке қарсы өткізіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Одан бөлек, отандасымыз Алидің туған бауыры Артур Багаутиновты нокаутпен жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер