Хоккей

«Барыс» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусымашар матчында елордалықтар «Адмиралдан» ұтылып қалған еді. Араға екі күн салып Андрей Скабелка шәкірттері өткен маусымда шығыс конференциясында соңғы орын алған «Амурды» қабылдады.

«Барыс» үшін ойын алдында аутсайдерге баланған қарсыласты жеңу оңайға соқпады. Матч барысында «Амур» хоккейшілері екі мәрте есепте алға шықты. Тек ойынның үшінші бөлігінде ғана Корбэн Найт елордалықтарды есепте алға шығарды. Кейін белгілі болғанда Найттың соққан шайбысы матчтағы соңғы шайбы екен. Қорытынды есеп - 3:2!

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - Амур (Хабаровск, Ресей) 3: 2 (0: 1, 2: 1, 1: 0)

Шайбылар:

0: 1 - 18:08 Зогорн Т. (Васильев В.С., Зогорн Г.).
1: 1 - 25:17 Сагадеев (Шалапов, Шевченко).
1: 2 - 30:19 Руденков.
2: 2 - 32:14 Маклюков (Найт, Швеция).
3: 2 - 49:26 Рыцарь (Пакаринен).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер