Тухугов Макгрегормен жұдырықтасқысы келетінін айтты
Ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері Зубайра Тухугов ирландиялық Конор МакГрегормен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.
- Иә, мен Конормен жекпе-жек өткізуге қарсы емеспін, мен оған дайынмын. Бірақ маған тағы екі-үш жекпе-жек өткізу керек. Лобов? Бұл жекпе-жек қызықты болуы мүмкін, бірақ ол деңгейі сәл төмен файтер, - деп келтіреді Тухуговтың сөзін ТАСС.
Естеріңізге сала кетейік, Тухугов өткен күзде Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жектен кейін орын алған дау-дамайлға араласқан болатын. Осы тәртіпсіздігі үшін файтер бір жылға спорттан шеттетілген еді. Алайда кейінірек Невада Атлетикалық Комиссиясы оның жекпе-жек өткізуіне рұқсат берді.
Тухугов келесі жекпе-жегін 7 қыркүйекте Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы британиялық Лерон Мерфи болмақ.