Искандер Харсан жеңіліп көрмеген боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Искандер Харсан (6-0, 5КО) 14 қыркүйекте <span>Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде</span> өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде Тайсон Фьюри мен Отто Уаллин жұдырықтсады. Ал Харсанның қарсыласы америкалық Исидро Очоа (7-0, 3КО) болмақ.
Харсан - Очоа жекпе-жегі екінші супер жеңіл салмақ санатында (55 келіге дейін) өтеді. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Искандер Харсан соңғы жекпе-жегін 24 наурыз күні Алматы қаласында Джаб Мемишвилиге қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или