Абу-Дабиде Хабибтің құрметіне папахалар сатыла бастады
Абу-Дабидегі UFC ресми дүкенінде дағыстандық папахалар (бас киім) 550 дихрамнан (58 мың теңге көлемінде) сатылып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сауда орталықтарының біріндегі басқа дүкенде аталмыш бас киімді арзандау бағаға (31 мың теңге) алуға болады. Сатушылардың айтуынша папахалар Дағыстаннан әкелінген.
Папаха жеңіл салмақтағы (70,3 келі) UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың символы саналады.
Айта кетелік, Хабиб 7 қыркүйек күні америкалық Дастин Порьемен жекпе-жекке шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или