«Динамо» ойыншысы «Сарыарқаға» ауысты

Қарағандылық «Сарыарқа» шабуылшы Андрей Бирюковпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы хоккейші өткен маусымда Санкт-Петербургтің «Динамо» клубында ойнады. ЖХЛ аясында 49 матчқа қатысып, 31 (7+24) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 5 ойында 2 (1+1) ұпайды еншісіне жазды.
Айта кетейік, Санкт-Петербургте шабуылшы қарағандылықтардың қазіргі жаттықтырушысы Леонид Тамбиевтің жетекшілігінде өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или